29 Шілде 2024
Тамақтану

Мектеп асханасының жалпы дайындығы

«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мектеп асханасының жалпы дайындығы, ас мәзірінің сәйкестігі, асхана орнының санитарлық жағдайы туралы

Хабарлама

 2021 -2022 оқу жылына асхана жұмысы, ас блогы қызметкерлерінің дайындығы, ас мәзірі, асхана кестесі тамақтану нормалары әзірленіп, бракераждық комиссия мүшелері бекітілді.

Бақылауды жауапты кызметкер, комиссия мүшелері қамтамасыз етілуде.
Балаларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету, балалар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етілуде.

Мектепте тамақтану мәселесімен айналысатын жеке кәсіпкер Д/К «Айару» А.Атраубаеваа. Тамақтарды тасымалдау, даярлау кезінде белгіленген санитарлық – гигиеналық сақтау асхана меңгерушісі және бас аспазшы жауап береді.
Тағам саласындағы жұмыскерлермен санитарлық сауаттылықпен жеке бастың гигиенасын сақтау туралы жұмысты үнемі жүргізіп оны тексеретін мектеп медбикесі Г.Ахунжонованың қадағалауында.
Бүгінгі таңда мектеп асханасы барлық оқушыларды ыстық тамақ және жеңіл тамақпен қамтып отыр, соның ішінде тегін тамақпен тамақтанатын оқушылар саны – 85 .

Мектеп бойынша асхана ыдыс-аяқпен, стөл орындықтармен жабдықталған. Асханада жарық көздері жақсы жанады, экологиялық таза ауыз сумен қамтылған, 1-диспансер ұйымдастырылған.

Оқушыларды түгендеу арнайы журналға тіркеліп отырады. Асханаға алып бару асхана ішіндегі өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сынып жетекшілердің кезекшілік кестесі құрылған.

Өз қалталарынан сатып алуды ұйымдастыру мақсатында күнделікті ыстық пирожки мен кептірілген жемістен қайнатылған шырын сатылу жолға қойылған. Сатуға тыйым салынған тағамдарға жол берілмеген. Оқушылардың уақытылы тамақтануына және тамақтану режимінің сақталуына, тазалығына үнемі бақылау жасап отыру комиссия мүшелері мен сынып жетекшілерге міндеттелді. Асханаға әкелінген шикізат өнімдерінің саны мен сапасы,сақталу мерзімі тексеріліп, актісі жасақталып, сайтқа орналастырылып отырылады.

Орындаған: С.Е.Кошимова

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар