Релаксация «Тыныштық әлемінде».
Мақсаты: Бала бойында сабырлылықты, ұстамдылықты қалыптастыру.
Көзімізді жұмамыз. Денеміздегі қысымды жіберіп, денемізді бос қоямыз. Баршамыз жанға жайлы үлкен бір тыныштық әлемінде ұшып жүрміз. Керемет, өте тамаша, бұнда біз өзімізді өте еркін таңғажайып сезінеміз. Біздің барлық денеміз көзіміз, бетіміз, кірпігіміз, аяқ-қолымыз түгелдей дем алып жатыр. Мен осы әлемде еріп жұмсақ жылылыққа айналып бара жатқандаймын.Мен өзімнің жеңілдегенімді сезіп көгілдір мұхит үстінде ұшып барамын.Айнала өте әдемі. Алыстағы өте әдемі таулар, көгілдір мұхит, жасыл орман бәрі менің жанымда. Бұлттарға көтерілуге болады. Мен сол бұлттарға көтеріліп қуаныш сезімін сезініп тұрмын. Міне менің жүрегімде қуанғаннан алып-ұшып соғып тұр. Бұл менің бақытты кездегі қуанғанда соғатын жүрек қағысым. Тіпті тоқтар емес, тоқтай алар емес.Маған өте жайлы және қолайлы. Мен сабырлымын және керемет дем алып тыныштық әлемінде ұшып жүрмін.Барлық табиғат сайраған құс, жүгірген аң, жәндіктерде бәрі-бәрі менің сабырлы болғанымды қалап тұрғандай. Тыныштық әлемі өте тамаша, жайлы, қолайлы, керемет. Жайлап көзімізді ашып орнымызға қайтамыз.елаксация «Тыныштық әлемінде».