29 Шілде 2024
Психолог бұрышы

2021 -2022 оқу жылында психологиялық қызмет бойынша жүргізілген жұмыстардың жарты жылдық талдау есебі

«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің

2021 -2022 оқу жылында психологиялық қызмет бойынша жүргізілген жұмыстардың жарты жылдық

ТАЛДАУ ЕСЕБІ

Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық заңдылықтарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалдарын дамыту, психологиялық денсаулығын сақтау.

Міндеттері:

1. Мектепте оқыту жүйесіндегі баланың психикалық дамуын және психо-педагогикалық дәрежесін жүйелі түрде қадағалау.

2. Диагностика жүргізу, оқушылардың танымдық процесіне және тұлғалық қарым-қатынасына түзету жұмыстарын жүргізу.

3. Оқушыларды мазасыздану, агрессия жағдайынан арылту мақсатындағы жұмыстарды жүргізу және олардың толеранттық сезімін тәрбиелеу.

4. Ата-аналармен карым-катынасты нығайту, оқу және тәрбие барысында пайда болған психо-педагогикалық мәселелерді бірге жұмыс жасау арқылы шешу.

Мектептегі психологиялық қызмет тмендегідей бағыт бойынша жүргізіледі.

І. Психологиялық диагностика

ІІ. Психологиялық түзету –дамыту

ІІІ.Психологиялық алдын алу және ағарту;

ІV.Психологиялық кеңес беру;

V Әлеуметтік –диспетчерлік бағыт.

Психологиялық қызметтің диагностика бағыты бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

1.2021 - 2022 оку жылының қыркүйек айында 1-сынып оқушыларынан мектептегі оқуға бейімделуді анықтау мақсатында «Керн-Йерасек» тесті алынды. Қорытындысы бойынша: жалпы қатысқан оқушы саны 70. 1а-сынып бойынша жоғары-50% , орташа-25%, төмен-25% деңгейді көрсетті 1б-сынып бойынша жоғары-68,75%, орташа-31,25%,төмен-0%. 1ә-сынып бойыншажоғары 68,18%, орташа-32% Төмен деңгейді көрсеткен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізіліп, мектепке бейімделуі мен сабақтағы үлгерімдерін бақылау керектігі сынып жетекшілерге ұсынылды .

Түзету-дамыту. 1-сыныптың зерттеу қорытындысы бойынша мектепке дайындығы төмен оқушылардың ата-аналарына бейімделу бойынша бірқатар ұсыныстар берілді. 1-сыныптың бейімделуге қиналған оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында«Не жетпейді?» әдістемесі,«Шатасқан сызықтар» «Не жоғалды?» т.б. әдістемелер жүггізілді.

Сонымен қатар 1-сынып оқушыларының психологиялық дамуына арналған есті,зейінді(тұрақтылығы,шүйлігуі),кеңістікті(қабылдауды,елестетуі),есту сезімі,көріп қабылдауды,үлгіні салыстыру,ойлау(заңдылықты қалыптастыру, ұғымдық қатынас),қиялды дамытуға бағытталған сабақтар жүргізілді.Танымдық деңгейлерін дамытуға арналған жаттығулар(тақпақтар, жаңылтпаштар, аякталмаған әңгіме т.б) жасауға кеңестер берілді.

Баланың мектепке бейімделуін диагностикалау мақсатында «Жануарлар мектебі» әдістемесі алынды.Қорытындысы сынып жетекшілермен таныстырылды.

Ес,зейін процесін анықтау мақсатында: «Сөздер жұбы», «Үйшік» әдістемесі.(Н.И Гуткина) алынды зерттеу нәтижесі сынып жетекшілеріне таныстырылды.

Отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін аңықтау мақсатында «Отбасы суреті» әдістемесі алынып,нәтижесі бейімделуде қиындықтары бар, отбасылық қобалжу байқалған оқушылардың жұмыстары ата-аналарымен таныстырылып кеңес берілді.Ата-аналарға бейімделудің ерекшеліктері және қыйындықтары туралы жадынама,кеңестер жіберілді,және «Менің балам бірінші сыныпқа барды!» тақырыбында кеңестер берілді.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне баланың мектептегі оқуға бейімділігі мәселесінің теориялық негіздері туралы білім беру мақсатында «1-сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі» тақырыбында дәріс берілді.

2. 5 сынып оқушыларынан «Темперамент» тесті алынды. Нәтижесінде 5 «а» сыныбы бойынша қатысқаны 18 оқушы, 6 оқушы холерик, 3 оқушы сангвиник, 6 оқушы флегматик типі,меланхолик 3 оқушы екендігі анықталды.5«ә» сынып бойынша 20 оқушы, 3 оқушы холерик,10 оқушы сангвиник,7- оқушы флегматик,0 оқушы меланхолик. Қатысқаны 20 оқушы 5 «б» сыныбы бойынша 3 оқушы холерик, 6 оқушы сангвиник, 9 оқушы флегматик,2 оқушы меланхолик типіне жататыны анықталды.

6-сынып оқушыларынан «Темперамент» тесті алынды.Нәтижесінде 6 «а» сыныбы бойынша қатысқан оқушы саны-22, 2-холерик, 11-сангвиник, 5- флегматик, 4-меланхолик. 6 «ә» қатысқан оқушы саны 15 , холерик-1, сангвиник -9,флегматик -3, меланхолик 2. 6 «б» қатысқаны 25 оқушы холерик-5, сангвиник-9, флегматик -10, 1- оқушы меланхолик типіне жататыны анықталды.

7-сынып оқушыларынан «Темперамент» тесті алынды.Нәтижесінде 7 «а» сыныбы бойынша қатысқан оқушы саны 18, 2-холерик, 7-сангвиник, 7- флегматик, 2-меланхолик. 7«б» қатысқан оқушы саны 22 , холерик-2, сангвиник -8,флегматик -10, 2-меланхолик типіне жататыны анықталды.

3. 8-11 сынып оқушыларынан Э.Ховардтың «Стресс саған қалай әсер етеді?» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнамаға 112 оқушы қатысты. Қорытындысы бойынша 71 оқушының стресске орташа деңгейде, 25 оқушы шамалы деңгейде, жиі-5 оқушы ұшырайтындығы анықталды.

Түзету-дамыту: «Стресс және дағдарыс» тақырыбында оқушыларға презентация түрінде тренинг сабақ жүргізілді. Стреске қарсы тұруы, сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру мақсатында «Стресті қалай жеңуге болады?» мини лекция жүргізілді.

4. 5-сынып оқушыларымен орта буынға бейімделу мақсатында сауалнама алынды. Зерттеуге 52 оқушы қатысты.

Түзету-дамыту: Тест қорытындысы бойынша жоғары алаңдатушылык деңгейді көрсеткен оқушымен жеке психологиялык жұмыс түрлері ұйымдастырылды. «Әлемде жоқ жануар» проективті әдістемесі және де жеке кеңестер көрсетілді. Сонымен қатар 5 сынып оқушыларына орта буынға тез және жеңіл бейімделуін қалыптастыру мақсатында «Кел танысайық!» жаттығуы.( Психологиялық қарым-қатынас ортасы), Ата-анаға ашық хат әдістемесі. Ролдік ойын «Қарым – қатынаста не қиын?». Қорқынышты қалай жеңуге болады? (әңгіме). «Менің ерекшелігім» оқушылардың өзіндік ой-пікірі. «Өзіңе өзің көмектес!» (музыка терапия, ертегі терапия, сурет). «Түймедақ гүлі» әдісі арқылы қызығушылығын анықтау жүргізілді.

5.Зорлык-зомбылықты, кұкыкбұзушылыкты алдын алу максатында 8-11сынып окушыларынан «Жасырын сауалнама» алынды. Нәтижесі бойынша теріс жауаптар аныкталмады.

6.11 сынып окушыларынан ҰБТ-ның олар үшін маңыздылығын анықтау мақсатында «ҰБТ дегеніміз...» такырыбында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша 3 оқушының бойында үрей, қорқыныш бар екені байкалды.

Түзету-дамыту. Бойында үрей, қоркыныш бар оқушылармен жеке психологиялык жұмыстар ұйымдастырылып, «Менің жетістіктерім», «Мен-мыкты тұлғамын» атты тузету тренингтері жүргізілді.

7. 11 сынып оқушыларынан қай мамандыққа қызығушылықтары басым екендігін анықтау мақсатында «Қызығушылық картасы» сауалнамасы жүргізілді. Зерттеу жұмысына 16 оқушы қатысты. Қорытындысы бойынша 7 оқушыда физика мен математика, 5 оқушыда химия мен биология, 3 оқушыда радиотехника, 4 оқушыда механика, 5 оқушыда әдебиет пен өнер, 8 оқушыда тарих пен саяст, 4 оқушыда педагогика мен медицина, 12 оқушыда кәсіпкерлік, 5 оқушыда спорт мамандықтарына қызығушылықтары басым кендігі анықталды. Алынған нәтижелері бойынша мамандықтары туралы қосымша кеңестер берілді.

8. 11 сынып оқушыларымен «Зейін функциялрының даму деңгейін анықтау» әдістемесі жүргізілді. Қатысқан оқушы саны 16. Нәтижесі төмендегідей:

9. 11 сынып окушыларынан танымдык үрдістерінің даму деңгейлері зерттелінді. Зерттеу нәтижесінде 7 окушы кабылдау үрдісінің жоғары деңгейін, 6 окушы зейін тұрактылығының жоғары деңгейін, 4окушы ойлау қабілетінің жоғары деңгейін,3 окушы көру арқылы есте сақтау қабілетінің жоғары деңгейін көрсетті.

10. 9-11 сынып окушыларының мамандык таңдау мотивациясын аныктау максатында «Окушының мамандык таңдауға дайындығы» такырыбында сауалнама алынды.Сауалнама нәтижесі бойынша 50% окушы болашак мамандыктарын таңдап алған, 30% окушы әлі мамандыктарын накты таңдамаған, 10% окушы жинаған ұпай бойынша белгілі бір мамандыққа түсетіндері байкалды.

Түзету-дамыту. Зерттеу нәтижесі бойынша окушылармен «Канша мамандык білемін?», «Ең жаксы мамандык» «Армандар картасы» такырыптарда жаттығулар жүргізілді.

11. 8-11 сынып оқушылары арасында «Отбасылық қобалжуды анықтау» (Э.Г.Эйдемиллер және В.Юстицкий) әдістемесі алынды. Алынған нәтиже бойынша отбасындағы ата-анасымен қарым-қатынастағы қыйындықтарға ұшырап жүрген оқушылармен жеке кеңестер жүргізілді.

Түзету-дамыту. Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын және бір-бірлерін тереңірек түсіну үшін психологиялық жаттығулар жүргізілді.

12. Педагогтарды балаға деген жағымды-эмоцианалды қатынасты қалыптастыру мақсатында «Бала!» тренинг-жаттығу жүргізілді. Педагогтарға балалық шақты еске түсіруін белсендіру,эмоционалды қабылдауын дамыту мақсатында «Кездесу» тренинг-жаттығу жүргізілді.

Психологиялык кызметтің ағарту және алдын алу бойынша келесі жұмыстар аткарылды.

1. 5- сынып оқушыларымен «Менің күшті жақтарым» ойын жаттығу жүргізіліп кері байланыс алынды.

2. 4-сынып оқушыларынын ата-аналарына арналған « Сіздің балаңыз бесінші сыныпқа көшті» тақырыбында жадынама мен ұсыныстар әзірленіп жіберілді.

3. 8-11 сынып оқушыларымен «Баланың отбасындағы, мектептегі, социумдағы құқықтары мен міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

4. Қорытынды аттестаттауға және емтиханға дайындық бойынша психологиялық алдын алу мен ағарту -«ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай?»«Емтихан кезінде стресстен қалай арыламыз?»,«Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу әдісі»,«Емтихандағы өз-өзіне сенімділікті арттыру»,«Қорқыныштан арылу» техникасы» жүргізілді.

5. Қыздарды әдептілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Қыз әдептілігімен сүйкімді, инабаттылығымен көрікті» атты тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. «Ерте жүктіліктің алдын-алу», «Ерте жыныстық қарым-қатынастың алдын-алу» тақырыптарында дәріс жүргізілді.

6. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты жыныстық қатынастағы күш қолдануға жол бермеу мақсатында «Зорлықсыз зомбылықсыз балалық шақ!» тақырыбында дәріс жүргізілді.

7. 5- 11 сынып оқушыларына «Кибербуллинг дегениміз не?Әлімжеттік немесе буллинг дегеніміз не?» түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

8. 8-11 сыныптарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін,басты байлық екенін ұғындыру мақсатында. «Психологиялық денсаулықты сақтау» ақпараттық сағат жүргізілді.

9. 5-11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу». (Презентация) түрінде дәріс жүргізілді.

10. 1-4 сынып ата-аналарымен «Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым қатынас орнату мақсатында «Баламен қарым –қатынас құру құпиясы. Қайтсек жақсы ата-ана атанамыз» тақырыбында жұмыс жүргізілді.

11. 8-11 сынып оқушыларымен «Қағаздағы жазу», «Хат» техникалары жүргізілді.

12. «Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері» такырыбында ата-аналарға баяндама оқылды.

13. 11- сынып окушыларымен «Менің болашақ мамандығым», «Қанша мамандықты білесің?», «Мамандықты және тұлғалық сапаңды таңдай біл?» такырыбында психологиялық жаттығулар жүргізіліп,түсіндіру максатында әңгімелесу сағаты откізілді.

14. «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» (Презентация) түрінде жіберілді.

15. 11 сынып окушыларының ата-аналарымен «Мен саған сенімдімін» такырыбында семинар жүргізілді.

Психологиялық түзету-дамыту бағыты.

1. 5 сынып оқушыларымен «Мен қайдамын?», «Жазылмай қалған сөздерді орнына қой», «Бейнелі ойлауы мен сезімталдығын дамыту», «Тапқыштар», «Баланың көзге көрінетін нәрсені сезінуі» тақырыбында психологиялық ойын жаттығу жүргізілді.

2. 9 - 11 сыныптар арасында «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында дәріс өткізілді.

3. 8 - 9 сынып оқушыларымен танымдық процестерді дамытуға арналған жаттығулар жүргізілді.

4. 9-11 сынып оқушыларымен «Сілкіп таста», «Менің жақсы қасиеттермі», «Жағымды сөздер», «Мен болғым келеді...», «Адам қалай өз-өзіне сенімді бола алады?» тақырыптарында жағымды қасиеттерді дамытуға арналған психологиялық жаттығулар жүргізілді.

5. «Шешімдер картасы» педагогтермен ойын жүргізілді.

6. 5-11 сыныптар арасында «Кинесиалогиялық жаттығулар» жүргізілді.

7. Сұраныс бойынша, зерттеу қортындылары нәтижесі бойынша жеке немесе топтық түзету, тұлғалық өсуін түзету-дамыту жаттығулары (1-9сынып).

Психологиялық кеңес беру бағыты

5-11сынып күйзеліске қарсы гимнастика.9-11 сынып түлектерінің ата-аналарына арналған емтихан алдындағы психологиялық көңіл күй мәселесі бойынша жадынама мен кеңестер берілді.

«Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау» мақсатында жеке дара кеңестер берілді.

Оқушыларға зорлық – зомбылықтың алдын-алу мақсатында жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық. Буллинг туралы қысқаша мағлұмат берілді.

Ата – аналарға психологиялық 10 кеңес берілді.

5-11 сынып оқушыларына ақпаратты қабылдау жөнінде түсініктеме берілді.

Әлеуметтік-диспетчерлік бағыт

Отбасылармен жұмыс және әлеуметтік-педагогикалық тұрмыс жай актілерін жүргізу.

Ақпараттық кеңістікпен тәуелділіктің алдын-алу шаралары.Рұқсат етілмеген сайттарға тәуелділіктің алдын-алуға мониторинг.Желідегі сайттар.

Мектепшілік есебінде тұрған оқушылармен жұмыс.Тәрбиесінде, мінез-құлқында қиындықтары бар балалармен жұмыс.

«Инклюзивті оқушыларға психологиялық көмек көрсетудің жолдары».(Баяндама)

«Жүктіліктің алдын –алу» тақырыбында жоғары сынып қыздарына дәріс берілді.

Бос уақытты тиімді пайдалану тақырыбында оқушылар арасында челлендж өткізілді.

«Сенім жәшігіне» келіп түскен хаттарға, дер кезінде көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.

Мектеп психологтттары: Қорабаева Г.А

Мақсұт А.Н

Пайдалы ақпараттық ресурстар