«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Сынып жетекшілер бірлестігінің №1 отырысы хаттамасы
«02» «09»2024ж
Қатысқандар: ДТІЖО, Психолог, педагог – ұйымдастырушы, 1- 11сынып жетекшілері
Күн тәртібінде:
1.Өткен оқу жылындағы ӘБ жұмысының қорытындысын талдап, жаңа оқу жылының жылдық жұмыс жоспарын бекіту.
- Сынып жетекшілердің іс-әрекеттері және сынып ұжымының тәрбие жұмысына қатысты әдістемелік- нұсқаушылық құжаттармен таныстыру. ДТІЖО М.Н.Шайбаева
- Жаңа оқу жылының жылдық жоспарының мазмұнымен таныстыру. Мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі бағыттарын анықтау. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мазмұны және жоспарлау, бекіту. ДТІЖО
- Сынып жетекшісінің қызметтік міндеттері және қызмет мазмұны. Сынып жетекшісінің құжаттамасы. ДТІЖО
- Мектеп оқушыларының сыртқы келбеті мен тәртібіне қойылатын бірыңғай талаптар.
- Қоғамдық ұйымдардың («Жас ұлан», «Жас қыран», «Адал ұрпақ») жұмыс жоспарын бекіту.
- Республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізу жұмысын ұйымдастыру. Әлеуметтік педагог Нургожаева А.Н
Тыңдалды:
Күн тәртібінің 1 сұрағы бойынша 2023-2024 оқу жылындағы сынып жетекшілердің атқарған жұмыстарын қорытындыланды. 2024-2025 оқу жылындағы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды
2 сұрақ бойынша директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасары Сынып жетекшілердің іс-әрекеттері және сынып ұжымының тәрбие жұмысына қатысты әдістемелік- нұсқаушылық құжаттармен, 2024-2025 оқу жылының тәрбие саласындағы ерекшеліктермен таныстырды.
3 сұрақ бойынша жаңа оқу жылының жылдық жоспарының мазмұнымен таныстыру. Мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі бағыттарын анықтау. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мазмұны және жоспарлау, бекіту, сыныпттың 6 құндылық бойынша 34 сағатқа жоспарланған тәрбие сағаттарының тақырыптары талқыланып, түзетулер енгізілді.
4 . Сынып жетекшісінің қызметтік міндеттері және қызмет мазмұны. Сынып жетекшісінің құжаттамасы. ДТІЖО Шайбаева М.Н таныстырып баяндама жасады.
5 сұрақ бойынша биылғы оқу жылында мектеп оқушыларының сыртқы келбеті мен тәртібіне қойылатын бірыңғай талаптар бойынша ДТІЖО мектеп формасы талап етілетіндігін және классикалық үлгідегі киімдер рұқсат етілетіндігін айтып өтті.
6.Қоғамдық ұйымдардың («Жас ұлан», «Жас қыран», «Адал ұрпақ») жұмыс жоспарын тәлімгер таныстырып бекітуге ұсынды..
7.Әлеуметтік педагог Нургожаева А.Н Республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізу жұмысын ұйымдастыру бойынша мемлекет тарапынан көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға оқу құралдары мен сөмкелер, аяқ киімдер, мектеп формасы берілді.
Шешім:
- 2023-2024 оқу жылындағы сынып жетекшілердің атқарған жұмыстарын қорытынды есебі қанағаттанарлық деп танылып 2024-2025 оқу жылындағы атқарылатын жұмыс жоспары бекітілсін.
- Тәрбие жұмысына қатысты 2024-2025 оқу жылының тәрбие саласындағы ерекшеліктері ескеріліп, әдістемелік- нұсқаушылық құжаттармен «2024-2025 оқу жылының Нұсқаулық хат» тәрбие жұмысын ұйымдастыруда басшылыққа алынсын.
- Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысы бойынща жоспарлары бекітілсін, жоспар бойнша жұмыстарды атқару сынып жетекшілерге міндеттелсін.
- Сынып жетекшісінің қызметтік міндеттері және қызмет мазмұны, сынып жетекшісінің құжаттамасы. ДТІЖО Шайбаева М.Н баяндамасы ескерілсін.
- Қоғамдық ұйымдардың («Жас ұлан», «Жас қыран», фракция жұмысы) жұмыс жоспарын бекітілсін, жоспар бойнша жұмыстарды атқару ұйым жетекшілеріне міндеттелсін.
- Республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізу жұмысын ұйымдастыру жқмыстары қанағаттанарлық деп танылып, ары қарай жандандыру әлеуметтік педагог Нургожаева А.Н міндеттелсін.
ДТІЖО Шайбаева М.Н