02 Қаз 2024
Тәрбие орынбасары

Хаттама Ата-аналар жиналысы Сеңгірбаев

«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мемлкеттік коммналдық мекемесі

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

11.09.2024ж

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Қаралған мәселелер:

1.Жаңа оқу жылының басталуы. Мектептің ішкі тәртіп ережесі.Мектеп формасы.

2.Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының мақсат-міндеттерімен таныстыру.

3.Оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі.

4.Оқушыларды психологиялық тестілеу және диагностикалау үшін ата-ана келісім шарты.

5.Оқушыларды кешкі уақыттарда сабақтан қайтуларын көлікпен қамтамасыз ету.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры А.Ж.Салимбаева сөз алды. Өз сөзінде бүгінгі күнгі жаңа оқу жылының басталуы, мектептің ішкі ережесімен таныстырып, оқушыларының мектеп формасы, ата – аналарды қолдау орталығының мақсат – міндеттерімен таныстырып өтті.

Мектептің әлеуметтік педагогы А.Н.Нургожаева оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі және қандай санаттағы оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, мәзірдің бұйрықпен бекітіліп берілуі және күнделік кз енгізілуі туралы айтып өтті.

Мектеп психологы Қорабаева Г.А. ата-аналармен балаға қойылатын тыйымдар туралы тренингтік-жаттығу жүргізіп, ата-аналарға психологиялық тестілеу және диагностикалау келісім шарты туралы айтып өтті.

Мектеп тәлімгері мектеп оқушыларының көлікпен қамтамасыз етілуі және кешкі уақыттарды екі мезгіл тасымалдау жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиналыс соңында ата – аналар сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

ІІ. Қорытынды. Бүгінгі көтерілген мәселелер бойынша бірауыздан ата-аналар келісімге келіп , ризашылық білдірілді.

ДТІЖО: Шайбаева М.Н

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар