«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ
Арнайы педагогітің лауазымдық
Нұсқаулық
- 1. Жалпы ережелер
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР Еңбек кодексіне, «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы (ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі қосымшалармен және өзгерістермен №338 бұйрығы), «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы) бұйрықтарға сәйкес әзірленген.
1.2. Арнайы педагог (дефектолог-мұғалім, дефектолог, логопед мұғалім, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог)қызметке «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ басшысының бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын мамандар санатына жатады.
1.3. Арнайы педагог Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің аясында (ары қарай ППҚ) тікелей инклюзивтік білім беруді үйлестірушіге немесе Қолдау қызметінің басшысына бағынады.
1.4.Арнайы педагог Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қызметкері болып табылады және онда пәнаралық негізде жұмыс істейді.
1.5. Арнайы педагог қызметіне «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі бар маман тағайындалады.
1.6. Арнайы педагог өз қызметінде мына құжаттарды басшылыққа алады:
- Бала құқықтары туралы конвенция;
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы;
- «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы;
- ҚР «Білім туралы» Заңы;
- ҚР әлеуметтік және инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша заңнамасы;
- «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»МКМ -інің жарғысы;
- «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»МКМ -інің ішкі еңбек тәртібінің ережелері;
- «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»МКМ -інің басшылығының бұйрықтары мен үкімдері;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен нормалары;
- осы лауазымдық нұсқаулық;
- еңбек шарты.
1.7. Арнайы педагог төмендегі мәселелерді білуі керек:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясын;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» заңдарды және инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік актілерді;
- «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»МКМ-інің білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін жарғы мен жергілікті актілерді;
- кәсіптік және практикалық әрекеттер мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар;
- арнайы педагогика мен арнайы психологияны;
- дефектологияның анатомиялық-физиологиялық клиникалық негіздерін;
- дамуында мәселелері бар балаларға әр түрлі түзету көмегін көрсету бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді;
- баланың зерделік, сенсорлық және жүйкелік-психикалық дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу мен түзетудің әдіс-тәсілдерін;
- зерделік, сенсорлық дамуында ауытқушылықтары бар балалармен жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиетті;
- дефектологиялық ғылым мен практикадағы жаңа жетістіктерді.
1.8. Арнайы педагогтің жалақысы оның білімі мен біліктілік деңгейіне сәйкес есептеледі.
1.9. Арнайы педагог «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»МКМ басшысының бекіткен 16 сағаттық жұмыс аптасынан құрылатын қалыпты жұмыс күні түзімінде кесте бойынша жұмыс істейді.
- Қызметтері
Арнайы педагогке төмендегі қызметтер жүктеледі:
2.1. Білім алушының физикалық, психикалық, сөйлеу тілі, неврологиялық мәртебесін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асыру, сөйлеу және психофизикалық дамуын тексеру, құжаттаманы жүргізу және талдау;
2.2.Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымдары мен Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру;
2.3.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен дамытушылық жұмысты жүзеге асыру;
2.4.Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жеке оқу бағдарламасы және жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлеу, әртүрлі білім беру жағдайларында мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
2.5. Мұғалімдер мен басқа мамандардың өзара әрекетін қамтамасыз етеді, бұзылған функцияларды компенсациялау және алдын алу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыны дамыту және әлеуметтендіру бойынша топтық және жеке сабақтарды жүзеге асыру.
- Лауазымдық міндеттері
Арнайы педагогтің міндеттері:
3.1. Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу.
3.2. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға психологиялық жайлы және қауіпсіз жағдай тудыруға көмектесу. Түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаумен қамтамасыз ету.
3.3. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды тексеру, олардың дамуындағы ауытқушылықтарының құрылымы мен байқалу айқындығын анықтау, тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау және оларды рұқсат етілетін көлемде ата-аналарына және педагогтарға (оқушылар дамуындағы мәселелерде және оларды жеңуде бағдарлау мақсатында) жеткізу.
3.4. Түзету жұмысының міндеттерін, формасын, тәсілдерін анықтау, бастапқы зерделік немесе сенсорлық бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін туынды бұзылыстардың алдын алу, оқушылардың дамуындағы жүйкелік-психикалық ауытқушылықтарды жеңу, зерделік және сенсорлық бұзылыстарды барынша түзетуге бағытталған жеке даму бағдарламасы аясындағы түзете дамыту жұмысын жүргізу.
3.5. Балаларды ПМПК-ке, психологиялық, медициналық орталықтарға (қажет болған жағдайда) жіберу.
3.6. Сабақ өткізу үшін мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психофизикалық, сенсорлық және зерделік жағдайын, олардың жас шамасын есепке ала отырып, топтарды жинақтау.
3.7. № ... ОБМ-інде жүргізілетін қолдау үдерісі мен түзете білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің (әкімшілік, педагогтар ұжымы, ата-аналар) және оқушылардың арасында делдал болу.
3.8. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың заманауи білім беру кеңістігінде бейімделу жобаларын жүзеге асыру саласындағы № ... ОБМ-інің болжалдық мүмкіндіктерін талдау.
3.9. Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру:
- мүмкіндіктері шектеулі балалармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын ресурстық қамсыздандыру;
- педагогтардың арнайы педагогика және психология саласындағы кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар;
- мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ата-аналарын түзету жұмысыныңүдерісі, мазмұны мен табыстылығы туралы хабардар ету;
- оқуда қиындықтары бар балалар туралы ақпаратты жинау және қорландыру;
- оқушылармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламасын жүзеге асыруды мониторигілеу жүйесі;
- мектеп практикасындағы инклюзивтік білім беру саласындағы қабылданған шешімдерді орындау.
3.10. Әзірлеу және пайдалану:
- оқушылардың даму бұзылыстарын жеңуге бағытталған түзете дамыту жұмысының апробацияланған және авторлық бағдарламасын, сабақтар циклын;
- мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды кешенді түрде тексеру мен қолдаудың жеке бағдарламаларын;
- мектеп және жанұя жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі оқушылармен жұмыс бойынша педагогтарға, мамандарға және ата-аналарғаарналған ұсынымдар.
3.11. «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»МКМ-інің және жанұялық тәрбиелеу жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың бұзылыстарын жеңу бойынша түзету жұмысының міндеттері мен ерекшеліктері туралы хабарлау мақсатында білім беру үдерісіне қатысушылармен (педагогтар мен ата-аналар) кеңес беру жұмысын жүргізу.
3.12. Қатысу:
- әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік жұмыстың басқа түрінің әрекеттеріне;
- тәжірибелік-эксперименталдық әрекеттерге;
- Педагогтар кеңесіне, ППҚ қызметінің отырыстарына;
- Ата-аналар үшін өткізілетін шараларға (жиналыстар, семинар-практикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.).
3.13. Балаларды тексеруге және түзете-дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдар.
3.14. Қажетті құжаттамаларды, аналитикалық-статистикалық есепті (тексеру мен жүргізілген түзету сабақтарының нәтижелерін бейнелейтін, берілген формадағы жылдық есепті құру) қабылданған формада ресімдеу және жүргізу, ПМПк үшін балаларды тексеру және түзету жұмысы нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау.
3.15. Өзінің кәсіптік жұмысын орындағанда «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»МКМ-інің жарғысын, еңбекті қорғау ережелері мен нормасын сақтау, қауіпсіздік техникасын, санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі ережелерін орындау.
3.16. Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру.
- Құқықтары
Арнайы педагогтің құқығы:
4.1. «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»МКМ-інің әкімшілігінен өзінің лауазымдық міндеттері мен құқықтарын орындауға, кәсіпптік міндеттерін табысты орындауға қажетті жағдай туғызуды;
№ ... «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»МКМ-інің директорынан өзінің құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды талап ету.
4.2. Оқушылардың зерделік және сенсорлық дамуларының деңгейін, аталған бұзылыстардың ерекшеліктерін анықтауға байланысты оқушыларды тексеру.
4.3. Оқытудың тиімді құралдарын, формалары мен әдістерін таңдау, бағдарламаға өзгерістер ендіру, балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмысы бойынша апробацияланған және авторлық авторлық әдістемелерді әзірлеу және қолдану.
4.5. Қатысу құқығы:
- № ... «МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»МКМ-інің даму стратегиясын, білім беру бағдарламасын, концепциясын әзірлеуге, Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің бағдарламасын құруға және жоспарлауға;
- сәйкес келетін нормативтік құжаттарды (ППҚ қызметінің атқарымы, құзыреттілігі, міндеттері, жауапкершілігі туралы ережелер) әзірлеуге;
- арнайы педагогтардың қалалық және облыстық семинарларына, жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысуға.
4.6. Өзінің жұмысын жинақтай, тексерілген ақпараттарды пайдалана отырып, ғылыми және белгіліғылыми басылымдарда жариялану.
4.7. Кәсіптік біліктілігін арттыру, өз еркімен сәйкес келетін біліктілік санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда оны алу.
- Жауапкершілігі
5.1. Арнайы педагог мына жұмыстарға жауапты болады:
- тәрбиелеу-оқыту үдерісінде еңбек тәртібін, өнеркәсіптік санитария және өрттен сақтану ережелерін, еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық-гигиеналықережелерді сақтауға;
- баланың құқығы мен еркіндігінің бұзылғандығы үшін;
- түзете білім беру үдерісін жүргізу кезінде баланың өмірі мен денсаулығы үшін;
- құжаматтама жүргізу және оны сақтау;
- тексеру кезінде алынған материалдар мен мәліметтердің құпиялылығын сақтау;
- баланы тексеру кезінде (өзінің құзыретінің аясында) негізделмеген тұжырымдама жасау, оның салдарынан баланың дене және психикалық денсаулығының нашарлауы және әрбір баламен жүргізілетін түзету жұмысы нәтижесінің төмендеуі үшін;
- оқу жоспарына және оқу үдерісінің кестесіне сәйкес түзете білім беру бағдарламасын толық көлемде жүзеге асырылмағаны үшін.
Құжаттама
- Жылдық жұмыс жоспары;
- Жұмыс уақытының циклограммасы;
- Арнайы педагогтің әрбір баланы тексеру хаттамасы, педагогикалық диагностика нәтижелері (жетістіктер карасы);
- ЕББҚ ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жекебағдарламалары;
- Жеке-дара және топтық сабақтардың болжалды жоспары(негізгі пәндер бойынша жеке оқу бағдарламалары немесе бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары);
- Оқушылармен жеке-дара және топтық сабақтардың күнделікті жоспары;
- Балалардың түзету сабақтарына қатысуын есепке алу журналы;
- Балалардың жеке дәптерлері;
- Ата-аналармен жұмыс жоспары;
- Мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін жұмыс жоспары;
- Жыл бойғы істелген жұмыс туралы есеп;
- Кабинеттің паспорты.
Нұсқаулықпен таныстым _______________________