25 Қырқ 2024
Әлеуметтік педагог

АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ 2024-2025 оқу жылына арналған

«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

2024-2025 оқу жылына арналған

Арнайы педагогтың мақсаты: ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына, мектептің педагогикалық кеңесі/ППҚҚ шешіміне сәйкес ЕББҚ ететін білім алушыларды арнайы педагогикалық қолдау.

Арнайы педагогтың міндеттері:

  1. ЕББҚ ететін білім алушыларды басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп тереңдетілген арнайы педагогикалық тексеруден өткізу;
  2. Арнайы педагогикалық тексеру нәтижелері бойынша білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау;
  3. ЕББҚ ететін білім алушыларға жеке, топтық және сыныптық сабақтарда арнайы педагогикалық қолдау көрсету;
  4. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламаларын құрастыруға қатысу;
  5. Мұғалімдерге, мамандарға, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңес беру;
  6. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламалары (жеке оқу бағдарламалары, бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары) мен жеке дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша мониторин жүргізу.

 

Арнайы педагогтың жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Ұйымдастырушылық жұмыс;
  2. Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және білім алушыларды арнайы педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау;
  3. Білім алушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау;
  4. Кеңестік-әдістемелік қызмет;
  5. Өзін-өзі дамыту.

 

р/с

Іс-шаралар

Орындау мерзімдері

Жауаптылар

Есеп беру нысандары

I.Ұйымдастырушылық жұмыс

1.1

Көрнекі-дидактикалық құралдар мен жұмыс орнын дайындау

 

 

 

                     

Тамыз

Қыркүйек

Арнайы педагог

 

 

1)      Диагностикалық және дидактикалық материалдарды жинақтау;

2)      Әдістемелік құралдардың картотекасы;

3)      Оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а,б)

 

Жылдық жұмыс жоспары

Қыркүйек

Арнайы педагог

 

Жұмыстың жылдық жоспары

 

Оқушылар тобын және жеке, топтық сабақтардың кестесін құру

Қыркүйек

Арнайы педагог

ЕББҚ ететін білім алушылардың тобы, сабақ кестесі

 

Құжаттарды рәсімдеу және жүргізу:

1)      Жұмыс кестесін құру;

2)      Сабақ кестесін құру;

3)      Журнал толтыру: сабаққа қатысу, кеңестерді тіркеу.

Қыркүйек және жыл бойы

 

Арнайы педагог

1.      Жұмыс кестесі

2.      Сабақ кестесі

3.      Сабақтарға қатысу журналы

4.      Кеңестерді тіркеу журналы

 

Жылдық рефлексиялық есеп жүргізу

Мамыр

Арнайы педагог

 

Жылдық рефлексиялық есеп

II. Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және білім алушыларды арнайы педагогикалық қолдау

 

 

Білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін арнайы педагогикалық зерттеу:

1)      Сабақта бақылау;

2)      Жетістіктер картасын толтыру;

3)      Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар;

Қыркүйек

Педагог-логопед

Арнайы педагог

    Педагог-психолог

 

1.      Оқушыларды сабақта бақылау хаттамасы (форма 2а,б)

2.      Жетістіктер картасы;

3.      Әңгімелесу хаттамасы немесе толтырылған сауалнама;

 

Білім алушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқылау

Қыркүйек

    Педагог-логопед

Арнайы педагог

    Педагог-психолог

Оқушылардың мінездемесі (форма 4)

 

Білім алушылармен жұмысты жоспарлау:

1.      Жеке/бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастыру;

2.      Жеке/топтық сабақтардың бағдарламаларын құру;

3.      Жеке/топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын құру;

4.      Жеке/топтық сабақтардың жоспарларын құру;

Қыркүйек

 

       Педагог-логопед

 

 

1)      Жеке/бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары;

2)      Жеке/ топтық сабақтардың бағдарламалары;

 

3)      Жеке/топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары

 

4)      Жеке/топтық сабақтардың жоспарлары

 

 

Мұғалімдердің сұранысы бойынша білім алушылардың қажеттіліктерін бағалау

Жыл бойы

Арнайы педагог

1.     Оқушыларды сабақта бақылау хаттамасы (форма 2а,б)

III. Білім алушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау

 

Жеке және топтық сабақтарды өткізу

Жыл бойы

Арнайы педагог

Жеке және топтық сабақтардың жоспарлары

 

Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке дамыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау

Жыл бойы

 Арнайы педагог

1.      Сабақ барысында оқушыны бақылау хаттамасы (2а,б формасы);

 

2.      Сабаққа қатысу хаттамасы.

IV.Кеңестік-әдістемелік қызмет

 

Ата-аналарға жеке кеңес беру (ата-анасының қалауы бойынша немесе қажет болған жағдайда)

 

Арнайы педагог

Кеңесті тіркеу журналы

 

Мұғалімдерге жеке кеңес беру

 

Арнайы педагог

Кеңесті тіркеу журналы

V.Өзін-өзі дамыту

 

Ғылыми-әдістемелік құралдарды зерделеу

Жыл бойы

Арнайы педагог

 

 

Біліктілікті арттыру курстарынан өтуді ұйымдастыру

Жыл бойы

Арнайы педагог

Сертификат

 

Арнайы педагог: А.Б.Пиязбаева

Пайдалы ақпараттық ресурстар