Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...
Мектеп – халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншектің бойына сіңіретін орта. Мектеп – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін ашатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасайтын, ортаны қалыптастыратын педагог мамандардың санатының артуы арқылы біліктілігі де артатыны белгілі.
Тарихқа сүйенсек, бұл мектептің тағдыры, өсіп өркендеуі мен кемелденуі кезең - кезеңге бөлінеді.
1930 жылы алғаш рет бастауыш мектеп болып ашылды.
1935 жылы жеті жылдық мектеп болып өзгертілді.
1950 жылдардан бастап мектепке жоғары оқу орнын бітірген мамандар жинақталып, мектеп толыққанды жұмыс істей бастады.
1954 жылдан Бақанас орта мектебі болып өзгертілді.
1979 жылы бала санының көбейгеніне байланысты қосымша жаңа ғимарат салынды. Бүгінгі таңда екі ауысымда жұмыс істейді.
Кеңестер одағы кезінде мектепте түрлі ұлт өкілдерінің баласынан құралған мыңнан астам бала білім алды.
«Қара шаңырақ» атанған мектебімізден бүгінгі күнде Балқаштың ғана емес, иісі қазақтың мерейін өсіріп, мақтанына айналған жандар ғылым жолында өз іздерін қалдырып, ел басқарып жүрген еліміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық өмірінде елеулі істер атқарып жүрген түлектері көп.
1998 жылға дейін аралас мектеп ретінде екі тілде білім беретін мектеп болды. Бүгінде оқу тек қазақ тілінде жүреді.
Барлық құрал- жабдықтармен жабдықталған 2 қабатты ғимаратта 28 оқу кабинеттері, асхана, стоматология кабинеті, 2 шеберхана, спортзал, 25 балаға арналған «Ертөстік» шағын орталығы бар.
Мектепте 65 мұғалім, 2 тәрбиеші, 1 кітапханашы, 1 медбике, 2 психолог, 11 кіші техникалық қызметкер жұмыс істейді.
25 қаңтар 2019 жылы ҚР Өкімет басшысының қаулысымен 80 жыл тарихы бар мектепке Кеңес одағының батыры, Алтын жұлдыз және В.Ленин орденмен марапатталған 28 панфиловшылар қатарында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлесіміз Мұсабек Сеңгірбаевтың аты берілді. «Аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 544 оқушы оқиды, шағын орталықта 21 бүлдіршін, мектепалды даярлық тобында 57 бала тәрбиеленуде.
Мектеп – кеме, білім – теңіз. Өмір ағымымен білім теңізінде жүзген «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектепт» бүгінгі күні 84 жылды артқа тастап отыр. 84 – жыл уақыт өтіп, 70 рет өмір жолына киелі шаңырақтан сан түлектер түлеп ұшты.
Өткен күннің бәрі тарих. Ал тарихты таразылап, зейінді, зердемен бағалау арқылы оның тағылымын, кешегісі мен бүгіннің ара салмағын түсінеміз.
«Бәрі де мектептен басталады» демекші, өлең жолдарында айтылатындай «ғалым да, шахтер да бас иетін» мамандық иелері, шоқтығы биік тұлғалар – ұстаздар қауымы. Ұстаздар қатары жыл сайын жас мамандармен толығып отырады.
Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектепті әр жылдары небір парасатты, іскер басшылар қызмет атқарған. Майдангер, ауданның ардақты тұлғалары болған Нілдібай Құтпанбетов, Нам Трофим Иванович, Совет Оралбаев, Ыбырайым Тоқтыбаев, Советқали Қартбаев, Ким Василина Александровна, Ұлан Калпебаев сынды кеңестік білім жүйесін қалыптастыруда өзіндік орны бар майталман басшылар еді. Тәуелсіздіктің бастау алған жылдарында білім саласындағы қызығы мен қиындығы мол кезеңінде еңбек еткен Есімхан Әбдіраев, Әбен Асаубаевтар болса, Бақыт Тілеубаев, 2002-2006 жж еңбек еткен Нұрсалима Осымова, 2006-2015жж еңбек еткен директорымыз Иманбеков Хамит Арынұлы, 2015-2018жж еңбек еткен Байшикова Лаззат Алыбайқызын, бүгінгі күні 35 жыл бұрын осы мектептің түлегі болған Салимбаева А.Ж. мектепті басқаруда.
Кеңес Одағы кезінде мектебімізде мыңнан астам оқушылар білім алған. Әр жылда бес сыныптан, екеуі орыс, үшеуі қазақ сыныптар бітіріп отырған. Онда әр ұлттың балалары достықта, ынтымақта, бірлікте өмір сүріп, білім алатын (қазақ, орыс, неміс, татар, корей, тәжік, азербайжан тб) Мектеп он жылдық білім беру ордасы болатын. Керемет білімді де , білікті ұстаздар Ахаева Жексенкул Ахаевна, Күлзипа Тұрысбековна, Мағрипа Тоқжігітовна, Райса Жұмағазиевна, Айшахан Бекбауылова, Кенже, Ғазиза Нұрайдаровалар, Тауарбала Рымқұлова , Галия Садыкбаевна, Шұратбек Нұртаевич, Латипа Құрмановна, Дариға Айтмұханбетовна, Мариям Дарменбаевна, Галина Александровна, Бақыт Нұрбаевич, Нұрлан Кусайыновна, Римма Жұрқабаевна тб. көптеген ұстаздар қызмет атқарған. Тәуелсіздікпен бірге еңбек етіп, сан шәкірттерге білім беріп түлек ұшырған , бүгінгі таңда бейнеттің зейнетін көріп отырған зейнеткер ұстаздарымыз Бәтен Омаровна, Айкен Қабылқаевна, Гүлзада Жиренбаевна, Кенішкүл Омаровна, Мақта Сүйірбаева, Гулсара Касабековна, Гүлжан Кенжегалиевна, Ажар Бақырбековна, Анухан Жұрқабаевна, Айтбала Шаяхметовна, Алтын Нүсіпжановна, Сәуле Қожахметовна, Фаузия Темиркеевна, Маржан Абдуллаевна, Жұмабай Сүлейменханович, Светлана Нилдибаевна, Күлан Асанбаевна, Бейбиткүл Кобегеновна, Айнаш Барлыбаевна, Қалибала Демесинова, Гүлдарі Қабылқаевна.
Мектеп – халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншектің бойына сіңіретін орта. 80 жыл тарихы бар Кеңес одағының батыры атанған 28- Панфиловшылар қатарында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлесіміз Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп Балқаш ауданындағы «Қара шаңырақ» атанған. Мектебімізден бүгінгі күнде Балқаштың ғана емес, иісі қазақтың мерейін өсіріп, мақтанына айналған жандар ғылым жолында өз іздерін қалдырып, ел басқарып жүрген еліміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық өмірінде елеулі істер атқарып жүрген түлектері көп.
Мектептің түлектерінің, соның ішінде жаңа модификациялық кабинеттерді Қазақстан Республикасының мектептерін жабдықтаумен айналысып жүрген «Интерсервис» компаниясының директоры Толепов Толебай Таңқыбайұлы осындай мектепке үлкен сый тартып барлық құрал жабдықтарымен жабдықталған , 10 оқушыға бірдей жұмыс жасайтын мүмкіндігі бар зертханасы ашылып, соңғы технологиялармен инфрақызыл интерактивті тақтаның келесі буыны болып саналатын сенсорлық тақтамен жабдықталған Химия кабинетін мектепке сыйға тартты. Әрине осы кабинет жабдығы арқылы балалар мен педагогтардың мүмкіндігін жоғарлатып, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер оқытылып, оқушылардың білім сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді деп санаймын.